19
март
2021
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!!!
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!!! 18.02.21ж. Семей қаласының " Жас сарбаздар " сыныптары арасында "Рухани жаңғырту " бағдарламасын іске асыру шеңберінде " Ұлы елдің өнерлі жас сарбаздарымыз " атты әскери спорттық жарысында , автоматты толық емес жинақтау және оқ жатарды жарақтау кезеңдік сайысының қортындысы бойынша Б.Момышұлы атындағы 34 ЖОББМ командалық ll - ші орынға ие болды . Автоматты бөлшектеу мен оқ жатарды жарақтау бойынша: Амангелді Мұрагер l - орын. Серікхан Мерей lll - орын. Қыздар арасынан : Мұхамедқалиева Медина lll - ші орын. Жалпы мектептер арасында сайыс түрі бойынша: Автоматты толық емес бөлшектеуде командалық l - орын . Олжаларды жарақтау бойынша командалық ll - ші орынға ие болдық. Жас Сарбаздар, ШҚО білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімі басшысы Н.А.Фесенконың грамотасы мен Семей қаласы ішкі саясат бөлімі басшысы А.Саматтың грамотасымен және " Рухани қазына " орталығының директоры О. Шәріпбаевтың дипломымен марапатталды .Құрметті әріптестер, барлықтарыңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні әз - Наурыз мерекесімен құттықтаймын !!! Б. Момышұлы атындағы мектеп әрқашанда биіктерден көріне берсін!!!









