Мектепішілік жалпы ата аналар жиналысы
15.11.2024 ж. күні “ Бауыржан Момышұлы атындағы N34 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ -де мектепішілік жалпы ата аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі үлкен мәселелердің бірі “Буллинг”, “Өрт қауіпсіздігі”, “Жол қауіпсіздігі”,”Көктайғақ”, “Электронды темекі”, “Түнгі жүрмеу”тақырыбында мектеп психологтары мен орталық полиция бөлімінен жасөспірімдер жөніндегі инспектор полиция майоры Рыспаева М.М. екі тілде дәріс оқыды, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.