24
декабрь
2023
Бауыржан Момышулы атамыздың туғанына 113 жыл.
Бауыржан Момышулы
атамыздың туғанына 113 жыл.
Бүгін қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың туған күні.
Бауыржан Момышұлы - ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен кезде тоз-тозы шыққан халықтың етек-жеңін жиып, мүддесін қорғаған қаһарман, дара тұлға.
Қысылтаяң сәттерде де қазақтың намысын бәрінен жоғары қойып, қарсы алдындағы жаудан қаймықпаған қолбасшының арманы Тәуелсіздік болды.
Қазақтың біртуар ұлы, Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик әрі жазушы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі ұста, етікшілік пен зергерлікті кәсіп етіп қана қоймай, кирилл әліпбиін өз бетінше меңгерген адамдардың бірі болған.
Анасы Разия дүниеден ерте өткендіктен, Бауыржан 3 жасынан бастап әжесі Қызтумастың, қолында тәрбиеленеді.
1921 жылы Бауыржан Момышұлы Аса интернатына оқуға түсіп, кейін 1924 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысады. Ол Құрманбек Сағындықов жене Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында бірге білім алған.
1928 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Орынбор қаласындағы қазақ педагогикалық институтында білім алуды жалғастырады. Алайда көп ұзамай тұрмыстық, жағдайына байланысты ауылына қайтуға тура келеді. Институт директоры Тоқтыбаев оның суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, бухгалтерия арқылы қағаз жаздыртып береді.
Кейін осы жазылған қағазбен студент Бауыржан ақша алып, ауылына қайтады.
1928-30 жылдары бастауыш мектепте мұғалім, аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарып, 6 ай уақыт милицияда жұмыс істейді. Атқару комитетінде ерекше көзге түсіп, Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкіне қаржыгер болып жұмысқа тұрады. Осы жерде жүріп республикалық банк меңгерушісінің жолдамасымен Ленинградтағы қаржы академиясы жанындағы бір жылдық, курсты тәмамдайды. Біліктілігін көтергеннен кейін КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына aғa консультант ретінде тағайындалады. Кейін әскери борышын өтеуге шақырту алады. Әскерде бір жарым жыл жүріп запастағы командир атағын иеленеді...