22
декабрь
2023
"Гүлдене бер, Қазақстаным!" мәнерлеп оқу байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-6 сыныптар арасында “Гүлдене бер, Қазақстаным!” атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау жеңімпаздарын мектеп директоры М.А.Есимханов және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.А.Суртаева, Ж.Д.Туленова қатысушыларды бағалап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша 5 сыныптар арасында 5 “Б” сынып оқушысы Оразова Перизат және 6 сыныптар арасында 6 “Ә” сынып оқушысы Нұрланқызы Аяла жүлделі І орынды алды.