09
февраль
2024
«Lesson study зерттеуі аясында мұғалімдердің оқушылардың бақылау дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өтті
Семей қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Lesson study зерттеуі аясында мұғалімдердің оқушылардың бақылау дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинарға № 28, №43 және №34 магнитті мектептер мұғалімдері қатысты.
Аталған семинарды «Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорының оқу-әдістемелік істері бойынша орынбасары Аққожина Р.М. ұйымдастырды. Мектеп директоры Есимханов М.А. тікелей қолдауымен және басшылығымен өткен семинар үш бөлімнен тұрды. Алғы сөзді мектеп директоры алып, Lesson study зерттеуінің мақсатын және мектепке берер пайдасына тоқталды.
«Lesson study зерттеуі: мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде» тақырыбымен сөз алған директордың оқу-әдістемелік істері бойынша орынбасары Аққожина Р.М. мектепте құрылып, жұмыс жасап жатқан алты зерттеу тобының жұмысымен таныстырды. Теориялық білімге баса мән беріліп, Lesson study зерттеуінің алгоритмі қатысушыларға егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, Lesson study зерттеуі бойынша жүргізіліп жатқан эксперименттік жұмыс көрсетілді. Бастауыш сынып мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туленова Ж.Д. өз тәжірибесімен таныстырып, Lesson study циклдерінің тамаша нәтижесімен бөлісті.
Практикалық бөлімде 4 в сыныбында Lesson study сабағын бастауыш сынып мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Суртаева Р.А. өткізді. Соңынан «Оқушы үні» әдісімен А, В,С деңгейлі оқушылардан сұхбат алынды. Келесі Lesson study сабағының қысқа мерзімдік жоспары құрылды.
Рефлексия бөлімінде аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, шығармашыл ұстаз Бірлікбаева А.Б. «Mentimetr» сайтымен жұмыс істеу алгоритмін көрсетіп, «Текемет» әдісі арқылы қатысушылардан кері байланыс алды.
Семинарға қатысқан ұстаздар қауымы «жоғары деңгейде өтті» деген пікір білдіріп, осы тамаша семинарды ұйымдастырған «Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагогикалық ұжымына алғыс білдірді.