Әдістемелік кеңес » Абай облысы Семей қаласы білім бөлімінің "№34 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін метеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы №34 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 51-83-32
Есепші бөлімі:
+7(72) 51-83-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2024

Әдістемелік кеңес

“Б. Момышұлы атындағы 34 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ кезекті Әдістемелік кеңес өтті. Мақсаты: мұғалімдерге озық педагогикалық тәжірибелерді ұсыну.
Әдістемелік кеңесті директордың оқу-әдістемелік істері бойынша орынбасары Аққожина Р. М. ашып, қатысушыларды кеңестің мақсаты және өту барысымен таныстырды.

Жұмыс барысында Қуанышбаева Г. Ж. түйінді тақырыбы бойынша тәжірибе таратты, Ахметкаримова Б. Ж. “Оқушы білімін бағалауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер” тақырыбында практикалық жұмыс көрсетті. Рахимбаева А. Б. “Оқушының зерттеу жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жазудың қыр-сырымен таныстырса, Бірлікбаева А. Б. “Қазақ тілі мен әднбиеті сабағында сандық технологияны тиімді қолдану” тақырыбында тамаша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Әдістемелік кеңеске мұғалімдер оң пікір білдіріп, жоғары баға берді.