24
декабрь
2025
"Бауыржан батырлықтың биік шыңы"
Қаламгерлігі бір төбе әскери қолбасшылығын айтқанда намыс пен жігердің мысы желдей есіп тұратын алып тұлғаның туған күнін атап өту азаматтық борышымыз деп білеміз.Батырдың нақыл сөздерін жадында сақтаған "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деген ұғымды арқау еткен мектеп оқушылары бүгінде осы жолмен тәрбиеленіп келеді.
Осы орайда күні кеше Абай облысы Семей қаласы білім бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы №34 мектепте халқымыздың батыр перзенті, даңқты қолбасшы, Екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған салтанатты еске алу және тағылымдық іс-шара ұйымдастырылған болатын.
Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы туған күніне орай атаулы мектепте бір апта көлемінде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, батырдың тәрбиелік өмір жолын насихаттайтын ғылыми конференциядан бастау алған шаралар Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған арнайы бағдарламамен қорытындыланды.
Іс-шара барысында батыр рухына тағзым ету мақсатында гүл шоқтарын қою, құрметті қонақтар мен мектеп әкімшілігі, және бастауыш сыныптың жас бүлдіршіндері батырдың ерлігіне құрмет көрсету рәсімімен жалғасын тапты.
Одан бөлек, Бауыржан Момышұлы мен Отан үшін жанын қиған барлық батырлардың рухына бір минут үнсіздік жарияланып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны да орындалды.
Мерекелік жиынға әскери сала өкілдері, білім беру саласының мамандары, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысты. Қонақтар қатарында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Абай облысы қорғаныс істері департаментінің өкілдері, Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтың құрметті ақсақалдары бой көрсетті.
Батырдың әскери қолбасшы ғана емес, ойшыл, қаламгер әрі тәрбиеші ретіндегі тұлғасын ерекше атап өткен шарада оқушылар патриоттық әндер орындап, әдеби-көркем қойылымдар, әдеби композиция арқылы батырдың өмірі мен ерлігін насихаттады.
Іс-шара соңында қатысушылар Бауыржан Момышұлының ел тәуелсіздігі мен ұлттық рухты сақтау жолындағы еңбегін атап өтіп, оның ұлағатты сөздері мен өнегелі өмірі
бүгінгі және келер ұрпақ үшін маңызды рухани бағдар болып қала беретінін жеткізді.